Канада AstraZeneca вакцинасын салуды уақытша тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада AstraZeneca вакцинасын салуды уақытша тоқтатты Reuters

Канада 55 жасқа толмаған адамдар үшін коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада 55 жасқа толмаған адамдар үшін коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Канаданың иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комитеті (NASA) COVID-19-ға қарсы бұл вакцинаны 55 жасқа дейінгі ересектерде қолдануға болмайтынын мәлімдеді. Айтуларынша, тромб пайда болуы мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл кідірісті сақтық шарасы деп атады.

"AstraZeneca вакцинасынан болуы мүмкін қауіптерді ескере отырып, оның 55 жасқа дейінгі ересектерге пайдасы туралы ақпаратта айтарлықтай бұлыңғыр тұстары бар", - деді Ұлттық иммундау жөніндегі консультативтік комитет төрағасының орынбасары Шелли Дикс.

Қазіргі уақытта 100 мыңнан бір адамда тромб пайда болу қаупі бар, бұл бұған дейінгі болжамдардан әлдеқайда көп.

Еске салайық, алдымен препараттан Аустрия бас тартты. Содан кейін Дания, Германия, Италия, Норвегия, Латвия, Исландия, Франция, Испания, Индонезия, Словения және басқа да бірқатар елде вакцинация тоқтатылды. Бұл елдердің билігі вакцинаның ықтимал жанама әсерлеріне байланысты сақтық шараларын басшылыққа ала отырып шешім жасаған. Сосын ДДҰ ұсынымынан кейін бірқатар ел қайта препаратты қолдана бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети