Канада Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайды ©REUTERS

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайтыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайтыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін иммиграция министрі Марко Мендицино Канада ең әлсіз топтардан 20 мыңнан астам ауған азаматтарын қабылдайтыны туралы айтты.

"Канада 40 мың босқын қабылдайды және басқаларды босқындардың қауіпсіз қоныс аударуына қолдау көрсетуге шақырамыз", - деп жазды Трюдо Twitter-де.

Тамыздың басында Талибан (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынады) Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдап, 15 тамызда Кабулға басып кірді, келесі күні соғыс аяқталды деп мәлімдеді. Тамыздың кейінгі екі аптасында АҚШ әскери күштері қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс елдерінің азаматтары, олармен жұмыс істеген ауғандықтарды жаппай эвакуациялау жүзеге асырылды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабул әуежайынан шықты. Қыркүйектің басында Ауғанстан Уақытша үкіметінің құрамы жарияланды, оны "Талибанның" алғашқы билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бастап БҰҰ санкцияларына ұшыраған Мохаммад Хасан Ахунд басқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети