08 ақпан 2020 | 10:24

Канада құлаған украиналық Boeing үшін Ираннан миллиард доллар талап етті

© РИА Новости

Канадалық заңгерлер Тегеранда "Международные авиалиний Украины" әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Иранды сотқа берді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Канадалық заңгерлер Тегеранда "Международные авиалиний Украины" әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Иранды сотқа берді, - деп хабарлайды Reuters.

Олар 1,5 миллиард канадалық доллар (1,1 миллиард доллар) көлемінде өтемақы төлеуді талап етті. Жауап беруші ретінде Иран, Әли Хаменеи Ислам Республикасының жоғарғы көшбасшысы, Ислам революциясының күзет корпусы және басқалар аталды.

Реклама
Реклама

Сотқа шағымданғандардың бірі апатта құрбан болған бір адамның "жақын туысы ретінде" сипатталған. Есімі кім екені белгісіз, өйткені оның "ирандық отбасы" ел билігінен зардап шегуі мүмкін.

Арызда украиналық лайнердің Иранда құлауы "әдейі ұйымдастырылған террорлық акті" деп көрсетілген.

Еске салайық, "Международные авиалиний Украины" әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы Тегеран әуежайынан 8 қаңтарда ұшып шығып, апатқа ұшырады. Бортта 176 адам қаза тапты. Онда Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.

Кейін Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындаған.   Украина президенті Владимир Зеленский Тегераннан кінәні толық мойындап, ресми кешірім жасағанын, кінәлілерді жазалау және өтемақы күтетінін мәлімдеген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная