Канада премьер-министрі елдегі жаппай наразылыққа қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада премьер-министрі елдегі жаппай наразылыққа қатысты пікір білдірді Фото ©REUTERS

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо наразылық кезінде отбасымен резиденциясынан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBC телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо наразылық кезінде отбасымен резиденциясынан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBC телеарнасына сілтеме жасап.

Оттавада 23 қаңтарда басталған жүк көлігі жүргізушілерінің үкіметке қарсы шеруі жалғасып жатыр. Үкімет АҚШ-пен шекарадан өту үшін вакцина алуға міндеттеген мыңдаған жүк көлігі жүргізушісі Үкіметтің коронавирусқа қарсы шараларына келіспейтінін білдіру үшін парламент ғимараты алдына жиналды.

©REUTERS

Канаданың оңтүстігіндегі Куттс ауылы мен АҚШ-тың Монтана штаты шекараласатын өткелге апаратын тасжол бөлігінде жеңіл көліктер, жүк көліктері, тракторлар және басқа да көліктер колоннасы сап түзегені белгілі болды. Өткелді жауып тастаған жүргізушілер бірнеше күн бойы наразылық білдіріп, кейін Канаданың қауіпсіздік күштері аймаққа жіберіліп шара қолдануға мәжбүр болды.

©REUTERS

Кейінірек премьер-министрдің саясатына және биліктің COVID-19-ға қарсы шараларына көңілі толмайтындар жүк көлік жүргізушілеріне қосылды. Кейбір наразылық білдірушілердің плакаттарында "Трюдо кетуі керек!" деп жазылған.

Телеарна мәліметінше, жаппай наразылық кезінде Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында Оттавадағы резиденциясын тастап отбасымен бірге кетіп қалған. Бұған дейін Трюдо шерушілерді "маргиналды азшылық" деп атап, шектеулерді жеңілдетуден бас тартты.

"Мен бұл індеттің көңілімізді түсіретіндігін білемін. Екі жыл өтсе де әлі COVID-19-бен күресіп келе жатқанымыз қатты қынжылтады. Бірақ соңғы бірнеше күнде канадалықтар наразылық білдірген адамдардың мінез-құлқына таңғалды, шынын айтқанда, оларға ашуланды. Канадада  мұндай әрекетке орын жоқ. Сондықтан жауаптыларға айтарым: мұны тоқтату керек", - деп жазды премьер-министр Twitter-парақшасында.

Жақында елордаға тағы да жүк көліктері келуі мүмкін. Канаданың парламенттік қауіпсіздігі депутаттарға әзірге үйде болуға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети