05 сәуір 2022 09:13

Канада Ресей мен Беларуське қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото с сайта inosmi.ru Фото с сайта inosmi.ru

Канада билігі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларуське қосымша санкциялар дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Канада билігі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларуське қосымша санкциялар дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мелани Жоли мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы санкция Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін бұзуға жәрдемдескен, Путиннің мағынасыз іс-әрекетіне қолдау көрсеткені үшін тоғыз ресейлік, тоғыз беларусь азаматына енгізіледі. Бұл адамдар Ресей мен Беларусь режимінің жақтастары.

"Бұл азаматтар Владимир Путиннің Украинаға мағынасыз басып кіруін қолдаған, көз алдымызда болып жатқан жантүршігерлік оқиғаларға қатысы бар. Біз Украинадағы халықаралық құқық бұзушылықтардың тергелуіне және кінәлілердің жауапқа тартылуына бар күшімізді саламыз", - делінген Канада үкіметінің сайтында.

Сонымен бірге, Сыртқы істер министрлігі санкция тізіміндегі жаңа айыпталушылардың кім екенін әзірге жариялаған жоқ. Мәлімдемеде Канада Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратыны атап өтілді.

"Канада ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті сақтау үшін халықаралық серіктестерімен жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Бучада және Украинаның басқа жерлерінде, соның ішінде Халықаралық Қылмыстық Сотта (ХҚК) әскери қылмыстар туралы мәлімдемелерді толық тергеуді талап етеміз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети