01 наурыз 2022 | 08:58

Канада Ресейден мұнай импорттауға тыйым салады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо ресейлік шикі мұнайды импорттауға тыйым салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо ресейлік шикі мұнайды импорттауға тыйым салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Трюдо мұнайдан түскен табыс Ресей президенті Владимир Путин мен ресейлік олигархтарды қолдауға көмектескенін айтты.

"Ресейден импортталатын шикі мұнайға тыйым салатынымызды жариялаймын. Мұнайдан түскен пайда президент Путин мен оның олигархтарына үлкен пайда әкелді", - деді Канада премьер-министрі және ол Украинаны қолдауды жалғастыратынын айтты.

Ресейге қарсы қойылған Батыс санкциялары тек банктерге бағытталған, бірақ олар Ресейден мұнай мен газ экспортын әлі де қабылдайды. Ал Канаданың Еуропадан айырмашылығы, Ресейдің мұнай экспортына тәуелді емес.

Канада статистикасының мәліметі бойынша, 2021 жылы Оттава 289 миллион канадалық доллардың энергия өнімдерін импорттады. Канаданың өзі әлемдегі төртінші ірі мұнай өндіруші. Әзірге тыйым тек шикі мұнайға қатысты, бірақ үкімет басқа да шектеулерді қарастырып жатқанын үкіметтегі дереккөз Reuters агенттігіне хабарлаған.

Ал Еуропа ресейлік өнімдерге тәуелді. Себебі, Еуропалық Одақтағы мұнай импортының төрттен бірі Ресейден келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети