Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 5 жастан бастап салуға рұқсат берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Канада 5-11 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer-Biotech вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы Канаданың Денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Korrespondent.net порталына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Канада 5-11 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer-Biotech вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы Канаданың Денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Korrespondent.net порталына сілтеме жасап. 

Ведомство 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-Biotech шығарған COVID-19-ға қарсы Comirnaty вакцинасын қолдануға рұқсат берді. Компания өкілдері департаментке өтінімін 18 қазанда жібергенін айта кеткен жөн.

"Қолда бар дәлелдерге бүге-шүгесіне дейін тәуелсіз ғылыми талдау жүргізілгеннен кейін департамент бұл вакцинаның 5-11 жастағы балаларға пайдасы қауіптен асып түседі деген қорытындыға келді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, балалар дозасы ересектерден үш есе аз болады (30 орнына 10 микрограмм). Педиатриялық вакцинаны екі рет егу керек. Бұған дейін Канадада вакцина 12 жастан асқан балаларға ғана қолданылып келді.

"Клиникалық зерттеулер 5-11 жастағы балалардағы иммундық реакция 16-25 жастағылардың иммундық реакциясымен бірдей екенін көрсетті. Вакцина 5-11 жастағы балаларға 90,7 пайыз тиімді және оның ешқандай ауыр жанама әсері жоқ", - деді ведомство өкілдері.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта 12 жастан асқан канадалықтардың 85 пайыздан көбі COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алған. Соңғы апталарда инфекцияның жаңа жағдайлары көбіне екпе алмаған 12 жасқа дейінгі балаларда тіркеліп жатқаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro