Канадада Қазақстанның 22 жастағы тумасы қамауға алынды. ҚР СІМ өкілдері мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
22 жастағы Карим Баратов. 22 жастағы Карим Баратов.

ҚР Сыртқы істер министрі Twitter желісіндегі парақшасында Америкадағы Yahoo компаниясының аккаунтарын бұзды деп айыпталып отырғандардың бірі Карим Баратовқа қатысты мәлімдеме жасады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыртқы істер министрі Twitter желісіндегі парақшасында Америкадағы Yahoo компаниясының аккаунтарын бұзды деп айыпталып отырғандардың бірі Карим Баратовқа қатысты мәлімдеме жасады.

Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен. "Ол 2011 жылы республика заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтығынан айырылған", - деді СІМ өкілдері. 

Ал Reuters басылымы ресми мәліметтерге сүйене отырып, 15 наурызда, сәрсенбіде АҚШ үкіметінің ресейлік екі тыңшы мен тағы екі хакерге 2014 жылы Yahoo мен Google компаниясы қолданушыларының 500 миллион аккаунтын бұзғаны үшін айыптап отырғанын айтады. Агенттіктің мәліметінше, АҚШ үкіметі бірінші рет осылай ресейлік шенеуніктерді киберкеңістіктегі қылмыстар үшін айыптап жатыр. "Айыпталушылар Ресей мен АҚШ өкілдерінің Yahoo-аккаунттарына шабуыл жасаған. Сондай-ақ, олар киберқауіпсіздік мәселелерімен айналысатын дипломаттар мен әскерилерге, ресейлік журналистерге, басқа ведомствода жұмыс істейтін қызметкерлерге, қаржы және коммерциялық компаниялардың қызметкерлерінің аккаунтарына шабуыл жасаған", - деп келтіреді РИА Новости АҚШ-тың әділет министрінің айтқан сөзін. 

"Бұл істе тағы екі фигурант бар - Ресей қауіпсіздік қызметіндегі Дмитрий Докучаев пен Игорь Сущин, сондай-ақ, іздеуде жүрген Алексей Белан мен Қазақстанда дүниеге келген, бірақ Канада азаматы Карим Баратов та бар", - деп жазады The Washington Post. 22 жастағы Карим Баратов Канаданың Торонто қаласында қамауға алынды.


Дмитрий Докучаев, Игорь Сущин, Алексей Белан.


Карим Баратов. © CHCH.com

Айта кетейік, Yahoo компаниясы аккаунттарына шабуылдар жасалғаны жайлы былтыр белгілі болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro