Америкалық рэп орындаушысы Канье Уэст қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдтың алты жасар қызын оқытуға екі миллион доллар бермек, - деп хабарлайды CNN.
Америкалық рэп орындаушысы Канье Уэст қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдтың алты жасар қызын оқытуға екі миллион доллар бермек, - деп хабарлайды CNN.
Уэст өкілінің айтуынша, әнші Джанна Флойдтың колледжіне кететін ақшаны толығымен жабады. Сондай-ақ, телеарна хабарлауынша, оқу ақысынан қалған ақшаның бір бөлігі дағдарыстан зардап шеккен афроамерикалық кәсіпкерлерге аударылады.
Ал қаражаттың үшінші бөлігі біраз уақыт бұрын полицей қолынан қаза тапқан Ахмад Арбери және Бреона Тейлормен байланысты қайырымдылық ұйымдарына беріледі. Insider биыл сәуірде Ахмад Арбериді де полицей атқанын хабарлады, ол көшеде спортпен айналысып, жүгіріп жүрген. Алайда сот кінәліні ақтап алды. Ал Бреон Тейлорды наурызда өлтіріп кеткен. Полицейлер оның үйіне басып кіріп, сегіз рет оқ атқан. Тәртіп сақшылары оны есірткі саудасына қатысы бар деп ойлаған, алайда тергеу нәтижесінде, күдік расталмады.
Еске салайық, 25 мамырда полиция қызметкерлері Флойдты ұстаған соң, оның біреуі сегіз минут бойы қарсылық көрсетпеген, қолы кісендеулі афроамерикалықтың мойнын тізесімен басып, өлтірып алған болатын. Оның қазасы АҚШ пен басқа елдерде жаппай наразылық пен тәртіпсіздіктерге алып келді.
Тәуелсіз сарапшылар Флойд қасақана өлтіру нәтижесінде тұншығып қайтыс болғанын анықтады. Кейін оның коронавирусты да жұқтырғаны анықталды. Джордж Флойдты жерлеу рәсімі келесі аптада өтеді.
Канье Уэст - американдық рэп орындаушысы, миллиардер, әйгілі америкалық тележұлдыз Ким Кардашьянның жұбайы. Сондай-ақ, Forbes журналы Уэстті осы жылдың әлемдегі ең көп ақы төленетін танымал жұлдыз деп атады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!