Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың жақтастары вице-президент Майкл Пенс пен АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиді өлтіруді жоспарлаған деп айыпталды, - деп хабарлайды Daily Mail.
Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың жақтастары вице-президент Майкл Пенс пен АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиді өлтіруді жоспарлаған деп айыпталды, - деп хабарлайды Daily Mail.
Бұл туралы Трампқа импичмент жариялау барысында Өкілдер палатасының айыптаушысы Стейси Плэскит мәлімдеді. Конгрессмен ғимаратқа шабуыл жасау кезінде Капитолияда болған журналистердің айғақтарын келтірді. Олар шабуылдаушы топтың Пенсті тауып, оны өлтіру керек деп айтып жатақанын естігенін хабарлады. Сондай-ақ, бұл мәліметті қамаудағы айыпталушылардан алынған айғақтар растайтынын айтты.
Прокурордың айтуынша, саясаткерлерді ғимараттан алып шығуға тура келген. Ол Пенс бастаған адамдар тобының Капитолий баспалдақтарымен қалай қашып бара жатқаны түсірілген видеоны көрсетті. Видеомен бірге интерактив карта таратылды, онда саясаткерлердің барлық қозғалысын көруге болады.
"Трамп жақтастары вице-президент Пенсті Трамптың сайлау нәтижелерін жою туралы талабын қабылдамағандықтан қастандық жасайтындарын айтып қорқытқан", - деді конгрессмен.
Импичмент отырысынан ақпарат жариялаған ABC News тілшісі Джон Карл бұл процесс барысында айтылған "ең қорқынышты" дәлелдердің бірі екенін атап өтті.
Айта кетейік, 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Жалпыхалықтық және сайлаушылардың дауыс беру нәтижелері бойынша демократ Джо Байден жеңіске жетті. Бірақ экс-президент Дональд Трамп сайлау нәтижелерін мойындамай, оларға қарсы шықты.
6 қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары АҚШ Конгресінің ғимаратына шабуыл жасап, сайлау нәтижелерін мақұлдауы керек болған Парламент отырысын тоқтатты. Осыдан кейін АҚШ Конгресі Байденнің жеңісін ресми түрде мақұлдады, ал Трамп билікті бейбіт жолмен өткізуге уәде берді.
13 қаңтарда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Трампқа бір бап бойынша импичмент жариялауға дауыс берді. Трамп АҚШ тарихындағы импичмент екі рет шығарылған жалғыз президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!