Қарабақтағы келісім туралы БАҚ-тан білдім - Армения президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарабақтағы келісім туралы БАҚ-тан білдім - Армения президенті REUTERS/Gleb Garanich

Армения президенті Армен Саркисян Қарабақ бойынша үшжақты мәлімдеме туралы баспасөзден білгенін және бұл мәселені талқылауға қатыспағанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения президенті Армен Саркисян Қарабақ бойынша үшжақты мәлімдеме туралы баспасөзден білгенін және бұл мәселені талқылауға қатыспағанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей мен Әзербайжан президенттерімен Қарабақ соғысын тоқтату туралы мәлімдемеге қол қою туралы баспасөзден білдім. Сондай-ақ, баспасөзден соғысты тоқтату шарттары туралы білдім. Президент ретінде, өкінішке қарай, менімен осы құжат бойынша кеңесу немесе талқылау болған жоқ. Мен ешқандай келіссөздерге қатысқан жоқпын", - делінген Саркисянның президент сайтындағы мәлімдемесінде.

Соғыс бітті, армян халқы үшін ауыр шешім қабылдадым - Пашинян

Еске салайық, биыл 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіген болатын. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталған. Осы уақытқа дейін екі тараптан бірнеше әскери қызметкер қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети