11 мамыр 2020 11:38

Карантин талабы жеңілдеген Германияда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  Reuters Фото: Reuters

Германия билігі елде карантин талабын жеңілдеткен соң коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті, деп хабарлайды Euronews.


Германия билігі елде карантин талабын жеңілдеткен соң коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті, деп хабарлайды Euronews.

Роберт Кох институтының мәліметі сәйкес, R базалық репродукт көрсеткіші бірден 1,1-ге өсіпті. Бұл вирус жұқтырған 10 науқастың 11 адамға ауру жұқтыратынын көрсетеді. Осыған дейін аурудың таралу жылдамдығы баяу болған.

Елде 169 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған, 144 мың науқас аурудан айыққан. Ал 7 395 адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда Солтүстік Рейн-Вестфалия және Шлезвиг-Гольштейн федерал жерлерінде ауру өршіп тұр. Билік мұндағы кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Ал Тюрингияда 100 мың адамға шаққанда 80 мыңнан аса тұрғын вирус жұқтырған.

6 мамырда Германия канцлері Ангела Меркель мен 16 федерал жерінің билігімен шектеу шараларын жеңілдетуге келіскен. Алайда үкімет басшысы өңірлерде коронавирус инфекциясының таралу дерегі тіркелсе, карантин режимі енгізілетінін ескерткен.

Алайда ел тұрғындары шектеу шараларына қарсы наразылық акциясына шығып жатыр. Штутгарттағы наразылық акциясына қатысқандар жеке бостандығына қауіп төніп тұрғанын, коронавирустан төнетін қауіптің әсіреленіп жібергенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети