Кариб теңізінен 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кариб теңізінен 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды Фото: elements.envato.com

Кариб теңізіндегі Теркс және Кайкос жағалауларынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды, - деп хабарлайды Turks and Caicos SUN Newspaper.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кариб теңізіндегі Теркс және Кайкос жағалауларынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды, - деп хабарлайды Turks and Caicos SUN Newspaper.

Полиция комиссары Тревор Боттинстің айтуынша, қайық негізінен осы аралдарға бет алған және Кариб теңізі аймағынан тыс жерлерден келе жатқан болуы мүмкін.

Газет мәліметі бойынша, қайық Гранд-Терк аралы маңында жүзіп бара жатқан. Бастапқыда оны балықшылар байқаған. Кейін олар қайықта мәйіттер барын көріп, полиция шақырған. Бортта 20 адамның денесі болған, оның екеуі бала. Полиция қызметкерлері мәйіттерді жеке басын және өлім себептерін анықтау үшін мәйітханаға жеткізген.

Полиция өкілі Такара Бэйннің айтуынша, тергеушілер шабуыл немесе адам өлтіру нұсқасын қарастырмайды. Адам өліміне әкелген басқа себептер құпия қалып отыр.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, Гаитидің 43 азаматы бар тағы бір қайық ұсталған. Борттағы 34 ер адам мен сегіз әйел "иммиграциялық топқа" берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети