09 наурыз 2014 | 12:27

Қаруланған адамдар ЕҚЫҰ бақылаушыларын Қырымға кіргізген жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинада. Фото: osce.org ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинада. Фото: osce.org

Қаруланған адамдар ЕҚЫҰ бір топ бақылаушылары мен журналистерін Қырым шекарасында тоқтатып алды, тіпті оларға қарай ескерту оғын атып, жарты аралға кіруге рұқсат берген жоқ, деп хабарлайды BBC Russian басылымы. Оқ ауаға қарай атылып, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұдан бұрын да ЕҚЫҰ бақылаушылары Кырымға солтүстік жақтан кіруге талпынған болатын, алайда онда да тану белгілері жоқ әскерилер оларға бөгет болған. Тіпті олар бақылаушылардың Қырымға кіруге өкілеттігі жоқ екендігін хабарлаған. Басылымның жазуынша, Мәскеу өздерінің базасындағы Черномор флотын қоспағанда, Қырымда әскери бөлімшенің барын жоққа шығарды. Сонымен бірге АҚШ-тың мәліметінше, Қырымда Ресейдің 20 мың сарбазы бар, ал Украина олар 30 мыңға жеткенін хабарлап отыр. Еске сала кетейік, ЕҚЫҰ мемлекеттік-мүшелері Украинаға 40 қарусыз әскери қызметкер жіберген болатын. 21 елдің әскери қызметкерлері 5-і мен 12-наурыз аралығында Украинаға барып шығуы жоспарланған еді. 22-ақпанда Украинада билік ауысты. Жоғарғы Рада президент Виктор Януковичті биліктен шеттетті. Конституция өзгеріп, президенттің міндетін уақытша орындау Жоғарғы Раданың төрағасы Александр Турчиновке жүктелді. Ол бостандыққа шыққан Юлия Тимошенконың жақтасы. Онда президент сайлауы 22-мамырға белгіленді. Украинаның шығысы мен оңтүстік облыстары, сонымен бірге Қырым да Раданың лигитимді шешімін мойындаған жоқ және өздерінің аймақтарының одан арғы болашағы туралы референдум өткізуге шешім қабылдады. Қырымның мәртебесі туралы референдум 16-наурызда өтетін болды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети