Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарулы исламшылар Сидней орталығында адамдарды кепілге алды

15 Желтоқсан 2014, 10:08
0
Тұтқындар терезелерге араб тілінде жазуы бар туларды іліп ұстап тұруға мәжбүр. ©9news.com.au
Тұтқындар терезелерге араб тілінде жазуы бар туларды іліп ұстап тұруға мәжбүр. ©9news.com.au
Тұтқындар. ©9news.com.au
Тұтқындар. ©9news.com.au
Лаңкестің фотосы. ©9news.com.au
Лаңкестің фотосы. ©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
©9news.com.au
Сидней орталығындағы полиция көліктері. ©9news.com.au
Сидней орталығындағы полиция көліктері. ©9news.com.au
Сидней театрынан адамдарды эвакуациялау. ©9news.com.au
Сидней театрынан адамдарды эвакуациялау. ©9news.com.au

Қарулы исламшылар Австралияның ең ірі мегаполисі саналатын Сиднейдегі Орталық банк ғимаратының маңындағы Lindt кафе-дүкенінің келушілері мен қызметкерлерін тұтқынға алды. Бұл туралы РИА Новости австралиялық БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға дүйсенбі күні таңертең болды. Ең аз дегенде екі экстремист байқалды, олардың рюкзактары мен жарылғыш белбеулері бар. Лаңкестердің бірі қаланың төрт жерінде жарылғыш зат қойылғанын айтты. Оның нақты қайда қойылғаны жайлы мәлім болмады. Бірақ полиция бұл мәліметті растамай отыр. Сонымен қатар, лаңкестердің Австралия премьер-министрі Тони Эбботпен кездесуді сұрағаны хабарланды. 

Түрлі деректерге сәйкес, мекеме ішінде 13-тен 50-ге дейін тұтқын бар. Олар терезелерге араб тілінде жазуы бар туларды іліп, ұстап тұруға мәжбүр. Жазу "Ислам мемлекетінің" туына ұқсайды. Бірақ жергілікті маман кафе терезесінде ілінген тулардағы жазудың "Ислам мемлекетінің" туы емес екенін айтады, бұл "шахада" - Аллаға сену және Мұхаммедтің пайғамдарлық миссиясына сену куәгерлігі. Ал "Ислам мемлекетінің" туында екі бөлек жазу бар, олардың бірі ақ шеңберде.

Сиднейде адамдар тұтқынға алынып жатқан сәтте әлемге танымал Сидней опера театрынан адамдар эвакуацияланып жатыр. Бұл жерде күдікті зат табылды.

Сиднейдегі Орталық банк ғимаратының маңындағы Lindt кафе-дүкеніндегі оқиғаға байланысты австралиялық премьер Тони Эбботт жедел хабарлама жасады. Ол қала тұрғындарын қорықпауға шақырып, төтенше жағдайдың ел азаматтарының күнделікті өміріне әсер етпеуі керектігін мәлімдеді. "Мен австралиялықтарды әдеткі күндегідей өз жұмыстарын жасай беруге шақырамын. Мұның саяси астары бар-жоғын біз білмейміщ, бірақ ондай болуы мүмкін". 

Қыркүйек айында Австралия үкіметі тұңғыш рет елдегі лаңкестік қауіптің жоғары деңгейде екенін жариялады. Тони Эбботт "Ислам мемлекетінің" көшбасшыларының бірі өз ізбасарларына Австралияда адам өлтіруге бұйрық бергені жайлы мәлімдеме жасаған еді. Лаңкестер кімді өлтіретінін шамаламай-ақ таңдап, "Ислам мемлекеті" туына орап, басын алуы керек болды. 

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" тобы Иракта өз қызметін қайта жандандыра бастады. Ирак сүнниттерінің Бағдад саясатына наразылығын пайдаланған лаңкестік құрылым елдің солтүстік және солтүстік-батыс провинцияларына шабуылды бастап, кең аумақты басып алды да, оны "Ислам халифаты" деп жариялады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай