11 қазан 2017 | 08:48

Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясына қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон мен оның орынбасары Ориол Жункерас, сондай-ақ, парламент спикері Карме Форкадель тәуелсіздік декларациясына қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон мен оның орынбасары Ориол Жункерас, сондай-ақ, парламент спикері Карме Форкадель тәуелсіздік декларациясына қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Құжатқа кейін тәуелсіздікті қолдайтын партия депутаттары қол қойды. Олар - "Бәріміз қолдау үшін" және "Халық бірлігі кандидатурасы". Бұл партиялар парламентте басым - 72 мандат. Пучдемон парламентте сөйлеген сөзінде 1 қазандағы сайлау қорытындысы тәуелсіз мемлекет құруға құқық беретінін мәлімдеді, алайда егемендікті жариялауды тоқтата тұрып, Мадридпен келіссөздер жүргізуге шақырды. 

Испания билігі Каталония басшысының бұл мәлімдемесіне түбегейлі қарсы шықты. "Женералитет төрағасы Карлес Пучдемон тұрақсыздықтың жоғары деңгейіне дейін жеткізді. Женералитет басшысының сөзі - өзінің кім екенін, қайда баратынын және кіммен баратынын білмейтін адамның сөзі. Үкімет Каталонияның Конституциялық сот тыйым салған референдум туралы заңын заңды деп мойындамайды. Женералитет 1 қазандағы қорытындыны қолдана алмайды, себебі бұл кепілі жоқ заңсыз әрекет болды", - деп мәлімдеді Испания үкімет басшысының орынбасары Сорайя Саэнс де Сантамария.

Мұнымен қатар, ол "каталониялықтардың басым бөлігі республика формасындағы тәуелсіздікті қаламайтынын" айтты. Айтуынша, 11 қазанда Испания министрлер кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. 

Еске салайық, испан билігі мойындамай отырған Каталония тәуелсіздіті туралы референдум 1 қазанда өткен болатын. Кейбір сайлау учаскелерінде полицейлер мен сайлаушылар қақтығысқан, екі тараптан да зардап шеккендер бар. Испания королі Фелипе VI Каталония үкіметінің "Испания татулығын бұзу үшін" "өрескел бағынбаушылық" көрсеткенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети