18 қазан 2019 16:40

Каталонияда жаппай наразылық шаралары жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каталонияда жаппай митинг болып жатыр, көлік қозғалысы қиындап, Барселона әуежайында 50-ден аса рейс тоқтатылған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Каталонияда жаппай митинг болып жатыр, көлік қозғалысы қиындап, Барселона әуежайында 50-ден аса рейс тоқтатылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Наразылық акциясына қатысушылар Жоғарғы соттың 12 саясаткерге қатысты шығарған үкімімен келіспей отыр. Саясаткерлерге 2017 жылы заңсыз референдум жүргізген деп айып тағылған.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта жолдар жабылған. Барселона әуежайынан ұшуы тиіс 55 рейс алынып тасталған.

Айта кетейік, елде наразылық шарасы 14 қазанда басталған болатын. Нәтижесінде 500 адам зардап шекті, олардың 200-ге жуығы құқық қорғау органдарының өкілдері. 100-ге жуық адам ұсталды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети