02 қазан 2017 | 17:34

Каталонияда полициямен қақтығыс салдарынан 900-ге жуық адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Марти Фрадера © РИА Новости / Марти Фрадера

Каталония тәуелсіздігі үшін Референдумға қатысқан сайлаушылар мен полиция арасында қақтығыс салдарынан зардап шеккендер саны 894-ке жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Каталония тәуелсіздігі үшін Референдумға қатысқан сайлаушылар мен полиция арасында қақтығыс салдарынан зардап шеккендер саны 894-ке жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Референдумға қатысқан сайлаушылардың 90 пайызы Каталонияның Испаниядан бөлінуін қолдады. Мадрид бұл сайлауды заңсыз деп таныды. Полиция 2 315 учаскенің көп бөлігін бақылауға алған. Ал кейбір учаскелерде құжаттар алынып, полициямен сайлауға келген адамдар арасында қақтығыс болған.

Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон референдум қорытындысын "таңғажайып" деп, Еуроодақты испаниялық полицейлердің адам құқығын аяққа таптауына бейжәй қарамауын сұрады. 

Каталония үкіметі Испания орталық билігін полиция мен Ұлттық гвардияның әрекетін заңсыз деп, сонымен қатар рәзіңке оқтар мен көзден жас ағызатын газды қолданғаны үшін айыптады. 

Басылымның мәліметінше, сайлауға өңірдегі 5,34 миллион тұрғынның 2,26 миллионы қатысқан.

Осыған дейін Каталония басшысы Карлес Пучдемон референдум өткізілген соң Каталонияның Испанияға тәуелді емес екенін және осылайша, каталондықтардың тәуелсіздікке жеткенін мәлімдеген еді.

"Сондықтан жақын арада референдум нәтижесі референдум жайлы заңға сәйкес шешім шығару Каталония парламентіне жолданады", - деді ол.

Еске сала кетейік, Каталонияда 1 қазанда референдум жүргізіліп, сайлау өткен еді. Бірақ Каталония тәуелсіздігі үшін өтіп жатқан референдум кезінде полициямен қақтығыс салдарынан 38 адам жараланды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети