Каталония тәуелсіздігі үшін өтіп жатқан референдум кезінде полициямен қақтығыс салдарынан 38 адам жараланды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы елдегі Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Каталония тәуелсіздігі үшін өтіп жатқан референдум кезінде полициямен қақтығыс салдарынан 38 адам жараланды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы елдегі Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Оның 35-і жеңіл жарақат алды, ал үшеуі орта деңгейдегі ауырлық.
© Reuters
Испания билігі мойындамаған референдум туралы сайлау жергілікті уақыт бойынша 09:00-де басталды. Полиция 2 315 учаскенің көп бөлігін бақылауға алған. Ал кейбір учаскелерде құжаттар алынып, полициямен сайлауға келген адамдар арасында қақтығыс жүріп жатыр.
© Reuters
Reuters мәліметінше, Барселонадағы қақтығыста полиция рәзіңке оқтарды пайдаланған. Сонымен қатар, Испания құқық қорғау органдары қызметкерлері Жирон провинциясындағы учаскесіндегі есікті бұзып кірді. Сондай-ақ сайлауды ұйымдастырушылар сайлаушыларға үйден бюллетендердің көшірмесін жасап, полиция жаппаған учаскеге әкеліп тастауына болатынын хабарлады.