01 қазан 2014 12:05

Каталониялықтар тәуелсіздік туралы референдумның өткізілмеуіне наразылық білдіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото euromag.ru сайтынан алынды Фото euromag.ru сайтынан алынды

Каталония үкіметі Испания Конституциялық сотының тәуелсіздікті жариялау жөнінде референдум өткізуді болдырмау туралы шешімін қабылдауға келіскеннен кейін Барселонада жаппай наразылық акциясы басталды, - деп хабарлайды Catalan News Agency.


Каталония үкіметі Испания Конституциялық сотының тәуелсіздікті жариялау жөнінде референдум өткізуді болдырмау туралы шешімін қабылдауға келіскеннен кейін Барселонада жаппай наразылық акциясы басталды, - деп хабарлайды Catalan News Agency.

Басылымның мәліметінше, Барселона қалалық кеңесінің, сондай-ақ Каталонияның басқа да 946 муниципалитетінің алдына мыңдаған адам жиналған. Жаппай наразылық акциясы каталон ұлттық жиналысы және Omnium Cultural қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Испания конституциялық соты 29 қыркүйекте жедел пленарлық отырыс өткізіп, Каталония автономиялық аймағының тәуелсіздігі туралы референдум өткізу туралы қаулының күшін жойды. Шұғыл өткізілген отырысқа Испания Конституциялық сотының 12 мүшесі қатысқан. Енді бұған қарсылық білдірген топ 15 күн ішінде Конституциялық сотқа өз дәлелдерін келтіруі керек.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйек күні Каталония автономиясының басшысы Артур Мас 9 қарашада Испаниядан тәуелсіздік алу туралы референдум өткізуге шақыратын қаулы шығарған болатын. Биліктің жоспары бойынша, каталондықтарға 9 қарашада екі сұраққа жауап беруге ұсыныс жасалған: "Каталонияның мемлекет болғанын қалайсыз ба?" және "Егер "иә" болса, онда Каталония тәуелсіз мемлекет болғанын қолдайсыз ба?". Сол кезде-ақ Каталонияда референдум өткізуден бас тартылса, онда жаппай наразылық акциясы өткізілетіні хабарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети