Заңды күші жоқ бейресми сауалнамаға қатысқан каталониялықтардың көбі аймақтың Испаниядан тәуелсіздік алуын қолдады, - деп хабарлайды BBC News.
Заңды күші жоқ бейресми сауалнамаға қатысқан каталониялықтардың көбі аймақтың Испаниядан тәуелсіздік алуын қолдады, - деп хабарлайды BBC News.
Бюллетеньдердің 88 пайызын есептеуден кейінгі мәліметке қарағанда, дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы Каталонияның тәуелсіздігін қолдаған. РИА Новости-дің хабарлауынша, дауыс беруге сайлауға қатысуға құқы бар барлығы 5,4 каталониялықтың 2,25 миллионы қатысты.
Каталониялықтарға екі сауал тасталды: "Каталонияның мемлекет болғанын қалайсыз ба?" және "Егер қаласаңыз Каталонияның тәуелсіз мемлекет болғанын қолдайсыз ба?". Дауыс берушілердің 80,72 пайызы екі сауалға да "иә" деген жауапты таңдаған. 10,11 пайызы бірінші сұраққа "иә", келесісіне "жоқ" деп жауап берген. Сауалнамаға қатысушылардың 4,5 пайызы екі сұраққа да "жоқ" деген жауап қайтарды.
Каталония жетекшісі Артур Мас символикалық референдумды зор табыс деп атады. Испания билігі болса, мұны нәтижесіз әрі пайдасыз сауалнама деп есептейді.