21 қыркүйек 2020 | 13:02

Қазақ олигархы Ұлыбританияда ауыл көркін бұзды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:en.wikipedia.org Фото:en.wikipedia.org

Британиялықтар қазақстандық миллионерді ауыл көркін бұзды деп айыптап жатыр. Нұрлан Бизақов есімді қазақ олигархы өзінің жылқы зауыты аумағында 200-ден аса үй салайын деп жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail.


Иконка комментария блок соц сети

Британиялықтар қазақстандық миллионерді ауыл көркін бұзды деп айыптап жатыр. Нұрлан Бизақов есімді қазақ олигархы өзінің жылқы зауыты аумағында 200-ден аса үй салайын деп жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөз мәліметінше, 2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds атты жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар оның бұл инвестициясын қолдаған. Кейін қазақстандық ол жерде 205 тұрғын үй кешенін салуға рұқсат алған.

Ал бірақ қазір тұрғындар құрылысқа қарсы шығып, Бизақовты енді сотқа берейін деп жатыр екен. Олардың айтуынша, бұл XII ғасырдағы ауылдың тарихи келбетін бұзады.

"Барлығы Бизақовты керемет деп санайды, өйткені ол бұған миллиондаған қаражат салды. Бірақ мұндай масштабтағы құрылыс мың жылдан аса уақыт бойы өмір сүріп келе жатқан ерекше ауылды қиратады", - дейді кампания қатысушылардың бірі Джонатан Уокер.

Айта кетейік, Нұрлан Бизақов Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына кірген.. 2017 жылдың мамыр айында оның байлығы 445 миллион долларға бағаланды. Әр жылдары ол "Казкоммерцбанк" директорлар кеңесінің мүшесі, "ОНОС" ААҚ басқарма төрағасы, "Нефтебанк" құрылтайшысы, "Сумбе" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және "Қазфосфат" АҚ басқарма төрағасы болды.

Англиядағы Hesmonds Stud жылқы зауыты осы қазақстандық олигархқа тиесілі. Зауытта асыл тұқымды жылқылар өсіріліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети