20 қараша 2014 | 18:03

Қазақстан азаматшасын өлтірген америкалық 42 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маргарита Фисенко-Скотт. ©pressherald.com Маргарита Фисенко-Скотт. ©pressherald.com

АҚШ-та бір ер адам Қазақстан азаматшасын өлтіргені үшін 42 жылға сотталды, - деп хабарлайды Portland Press Herald. Қазақстан азаматшасы Маргарита Фисенко өз автокөлігінің салонынан өлі күйінде табылған. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та бір ер адам Қазақстан азаматшасын өлтіргені үшін 42 жылға сотталды, - деп хабарлайды Portland Press Herald. Қазақстан азаматшасы Маргарита Фисенко өз автокөлігінің салонынан өлі күйінде табылған. 

Алқабилер соты 21 жастағы Энтони Пратты өзінің ашынасы - 29 жастағы Фисенконың өліміне айыпты деп таныды. Жігітке 42 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Іс материалдарына қарағанда, 2012 жылдың қараша айында Пратт Фисенконы өз достарының Портлендтегі пәтерінде тапаншамен атып өлтірген. Мәйітті қыздың автотұрақта тұрған жол талғамайтын көлігіне жасырған. Маргаританың денесін бірнеше айдан соң - 2013 жылдың қаңтарында оның күйеуі Кэри Скотт тауып алады.

Іс бойынша сотталушының достары - Кристофер Дженнингс пен оның әйелі де сотта жауап берді. Қазақстан азаматшасын оққа ұшырған тапаншадан олардың ДНК-сы анықталды. Бұған қоса, сараптама "марқұммен жыныстық қатынаста болған соңғы адам Кристофер екенін" көрсетті. Тергеушілердің мәліметінше, Пратт пен оның достары есірткі саудасымен айналысқан, Фисенко олардың клиенті болған. Сотта марқұмның әкесі Энтони Пратт үшін өмір бойғы жаза беруді сұрады. Фисенконың туыстары қыздың АҚШ-қа Қазақстаннан 1997 жылы көшіп барғанын айтты. Сотталушының адвокаты апелляцияға шағым түсіргелі отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети