Қазақстан дипмиссиясының басшысы Бейруттағы қызметкерлердің жағдайы туралы айтты

Фото: Reuters

Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Ержан Қалекенов Бейруттағы жарылыстан кейін әріптестерінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Ержан Қалекенов Бейруттағы жарылыстан кейін әріптестерінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәрі дұрыс. Консул дін-аман. Ешкім жарақат алған жоқ, дипломаттардың отбасы мүшелері де аман-есен. Бәрінің дені сау, аман. Қазбаттағылардың да (Ливандағы бітімгерлік батальон) жағдайы жақсы", - деді Ержан Қалекенов.

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 78 адам қайтыс болған. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті. 

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейруттағы жарылыстан кейін тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама