05 тамыз 2020 11:02

Тоқаев Бейруттағы жарылыстан кейін тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливандағы дипломаттар мен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливандағы дипломаттар мен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келтірілді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ.

Өздеріңіз білетіндей, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандық бітімгерлер қызмет өтетін орындарына аман-есен жетті", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 78 адам қайтыс болған. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған

Жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети