28 сәуір 2018 | 11:27

Қазақстан КХДР мен Оңтүстік Кореяның татуласуына байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Корея Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы саммитінің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Корея Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы саммитінің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 27 сәуірде Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды", - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Қазақстанның Корей түбегіндегі жағдайды диалог пен келіссөздер арқылыреттеу процессін қолдайды және саяси-дипломатиялық шешімкүрделі халықаралық мәселелерді қарастырудағы жалғыз дұрыс амал болып табылатындығына сенімді екені айтылады.


©REUTERS

"Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде "Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуіжәне бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын" құптайды жәнеКорей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды", - делінген мәлімдемеде.

СІМ мәліметінше, осы жылдың басынан бері екі Корея арасындағы белсенді диалог корейаралықсаммит және Пхеньянның ядролық сынақтардан және зымырандарды ұшырудан бас тартуы сияқты айтарлықтай нәтижелерге жеткізді.

"Осы тұрғыда ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық арсеналдан бас тарту, тиісті әскери инфрақұрылымды жою, ЯҚТШ мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске асырып, ілгерілетуге қатысу туралы Қазақстанның шешімі еліміздің табысты және тұрақты дамуының кепіліне, белсенді сыртқы саяси бағыттың негізіне және аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының біріне айналуы үлгілі жағдай болып табылады", - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, кеше КХДР мен Оңтүстік Кореяның татуласқаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети