Қазақстан 16 желтоқсан күні Пәкістанның Пешавар қаласында 140-тан астам адамның өліміне себеп болған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыртқы саясат ведомствосы осындай мәлімдемені жария етті.

"Пәкістан үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілейміз. Бейкүнә балалар мен ұстаздардың өлімі жиіркендіреді және ерекше ызаны келтіреді. Бұл - лаңкестердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі", - делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның лаңкестіктің кез келген сипаты мен көрінісін айыптайтынын мәлімдеді. Қазақстан осы құбылыспен дәйекті түрде күресу үшін әлем қауымдастығының бірлескен күш-жігерін қолдайды және жедел түрде халықаралық лаңкестікпен күрес бойынша жалпыға ортақ Конвенцияны қабылдауға үндейді.
Бұған дейін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында "Техрик-и-Телибан" қозғалысы содырларының әскери оқу орнын басып алғаны хабарланған еді. Ғимаратта 500-ге жуық адам болуы мүмкін. Тәлібтер содырлардың отбасына қарсы операция жүргізіп жатқан Пәкістан әскерилерінен осылайша өш алатынын мәлімдеді. Ақпарат құралдары 130 адамның қаза тапқанын хабарлады. Олардың дені - білім алушылар. Қазір Пешавардағы әскери училищеде кепілге алынғандарды босату операциясы аяқталды.