05 маусым 2020 09:49

Қазақстан шекарасында тағы бір топ тәжікстандық қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан шекарасында қалып қойған 200-ден аса тәжікстандық үйіне кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қазақстан шекарасында қалып қойған 200-ден аса тәжікстандық үйіне кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Өзбекстанда карантинге қарамастан тәжікстандықтарға өтуге рұқсат берілді. Бірнеше ай бойы шетелдіктер Түркістан облысында кеден бекетінің маңындағы көлік тұрағына қоныстанды. Олардың арасында балалар, егде жастағы адамдар, мүгедектер және жүкті әйелдер де болды.

Алайда сол тұраққа енді Тәжікстанның басқа азаматтары жинала бастады. Шамамен 15 адам. Олар да үйлеріне барғысы келеді. Арасында жүкті әйелдер де бар. Егер шекарадан өткізбесе, көшеде босануға тура келеді.

"13 маусымда босануым керек. Дәрігерлер осы күнді қойған. Жергілікті перзентханалар босандырмаймыз деп ескертті. Біз шекараны ашты дегенді естігеннен осында келдік. Сөйтсек, жабық екен. Енді қиын болып тұр. Көмек сұраймыз", - деді Тәжікстан азаматы Ганджина Рустамова.

Тәжікстан елшілігі кеден бекетінде адамдардың тағы жиналғанынан хабардар. Олар отандастарына көмектесуге уәде етті. Қазақстан-Өзбекстан шекарасы арқылы өтуге рұқсат алмағанша, тұратын орын тауып, тамақ береді. Содан кейін тәжіктерді үйіне ұшақпен немесе көлікпен жеткізуді жоспарлаған.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, дипломаттар шекара осы айда ашылады деп күтіп отыр. Әзірге олар отандастарын үйлеріне қайтпауды сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети