Қазақстан тумасы АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болып тағайындалады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тумасы АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болып тағайындалады © Twitter

АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығының профессоры, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) лауазымына тағайындауға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg және The Wall Street Journal агенттіктеріне сілтеме жасап.

Басылым мәліметі бойынша, Комарованың кандидатурасы ресми түрде осы аптада ұсынылуы мүмкін. Бұл лауазымға бекітілген жағдайда, Қазақстанның тумасы 1863 жылы құрылған реттеушіні басқаратын алғашқы әйел болады.

Байденнің таңдауын прогрессивті демократиялық заң шығарушылар мақұлдайды деп күтіліп отыр, бірақ ол республикашылардан қолдау ала алмауы мүмкін. Сондай-ақ, Омарова криптовалюталарды сынға алуымен танымал.

Тамызда америкалық БАҚ, Ақ үй әкімшілігі Сәуле Омарованың кандидатурасын зерттеп жатқанын хабарлады.

OCC-АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық жиынтық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл елдің банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

Осылайша, OC Федералды резервтік жүйемен (ФРЖ) және Федералды депозиттерді сақтандыру корпорациясымен (Federal Deposit Insurance Corporation, FDIC) қатар ең ықпалды америкалық қаржылық реттеушілердің бірі.

Сәуле Омарова Корнель университетінің Банктік құқық профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети