Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы Карим Баратов АҚШ-та бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы Карим Баратов АҚШ-та бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сондай-ақ, сот Баратовқа 250 мың доллар көлемінде айыппұл салды. Канада азаматы Карим Баратов АҚШ билігіндегілердің бұйрығымен қамауға алынған болатын.
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстан тумасы канадалық паспортпен жүрген. Осылайша, соттағылар хакерлер Карим Баратов пен Алексей Белан заңсыз түрде АҚШ пен Ресей азаматтарына қатысты мәліметтерге қол жеткізді. Олардың айтуынша, хакерлер электрондық пошталарға, сондай-ақ, Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар деп айыптап отыр.
Айта кетейік, 2017 жылдың тамызында Қазақстанның 22 жастағы тумасы Сан-Францискода өткен сот отырысында өз кінәсін мойындаған болатын.
Еске сала кетейік, былтыр Канадада Карим Баратовтың қамауға алынып, ҚР СІМ өкілдерінің мәлімдеме жасағаны туралы хабарланған болатын. Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен.
"Ол 2011 жылы республика заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтығынан айырылған", - деген еді СІМ өкілдері.
Канадада қамауға алынған Қазақстан тумасы Карим Баратов кім?