28 қазан 2014 10:49

Қазақстан Украинада өткен парламент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Львов облысындағы сайлау бөлімшесі. ©REUTERS Львов облысындағы сайлау бөлімшесі. ©REUTERS

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауға байланысты көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғарғы Радаға сайлау 26 қазанда өткен болатын.


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауға байланысты көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғарғы Радаға сайлау 26 қазанда өткен болатын.

"Қазақстан Республикасы осы жылдың 26 қазаны күні Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауды қолдайды. Жаңа парламентті құру – жалпыұлттық татулыққа, қоғамдағы тұрақтылыққа, Украина халқының мүддесіне сай келетін тиісті реформаларды өткізуге жол беретін маңызды қадам", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Украина елдерін тарихи қалыптасқан өзара сенімділік пен түсіністік негізінде қаланған достық және әріптестік қарым-қатынастар байланыстыратыны айтылған.

"Біз украин азаматтарының таңдауына құрметпен қараймыз және Украина мен әлемдік қауымдастықтың саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктірудегі және елдің дәйекті түрде дамуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне қолдау көрсететін боламыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, дауыс беру хаттамаларының 60,26 пайызын есептегеннен кейін Арсений Яценюктың "Народный фронт" партиясы көш бастап тұрғаны анықталды (21,58 пайыз), "Петр Порошенко блогы" 21,41 пайыз дауыс жинады. Украина орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, Жоғарғы Радаға тағы төрт партия өтеді - "Львов мэрі Андрей Садовойдың "Самопомощь" (11,16), құрамына өңірдің бұрынғы Партия өкілдері кіретін "Оппозициялық блок" (9,92), "Олег Ляшконың радикал партиясы" (7,35) және бұрынғы премьер Юлия Тимошенконың "Батькивщина" партиясы (5,64). Қалған партиялар бес пайыздық көрсеткіштен аса алмады. Жоғарғы Рада сайлауы кезектен тыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети