17 қараша 2015 | 17:37

Қазақстанда тағы бір қырғыз құлдықтан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nnm.me © nnm.me

Қырғызстанның тағы бір азаматы Қазақстанның Қордай ауданы Қарасу ауылында құлдықтан құтқарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның тағы бір азаматы Қазақстанның Қордай ауданы Қарасу ауылында құлдықтан құтқарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Қырғыз дипломаттарының мәліметінше, ер адам шаруа қожалығында жұмысшы болған. Жұмыс істеген уақыттың ішінде ол бірде-бір рет жалақы алмаған, олар қырғызстандықты мардымсыз тамақтандырып, киім бермеген. Қазір ол Алматыдағы ҚР Бас консулдығы мен Қазақстанның құқық қорғау органдарының атсалысуымен алматылық сауықтыру орталықтарының біріне орналастырылды. 

Оның аты-жөні мен Қазақстанға қалайша құл болып келгені туралы мағлұматтар қауіпсіздік мақсатында хабарланған жоқ. ҚР СІМ мәліметінше, мағлұматтар ол үйіне оралғаннан кейін хабарланады. Қырғызстан азаматына қазіргі таңда құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда құлдықта болған қырғыз әйел құтқарылған еді. Ол 7 жыл бойы кішкентай баласымен бірге құлдықта болып, еліміздегі шаруашылық қожалықтарының бірінде тегін жұмыс істеген. Құлдықпен өмір сүрген қырғыз әйел өзінің өмірі жайлы айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети