22 қаңтар 2016 10:20

Қазақстандық 1000 компания Украинадан тауарды РФ арқылы импорттайды

© astanatv.kz

Жыл соңына дейін Украинадан тауар импорттайтын отандық компаниялар саны бір мыңға жетеді. Бүгіннің өзінде Федералды кеден қызметіне 200 компания енген тізім тапсырылды. Бұл жөнінде "Астана" телеарнасының тілшілеріне "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Украинаға қатысты эмбаргоны қолдамаса да, ресейлік тарап осындай тәуекелге барды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағылар Украина тауарын импорттау үшін балама жолдар қарастырылып жатқанын айтады. Бірақ ол жолдар отандық кәсіпкерлердің қалтасын қағары анық.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram