Қазақстандық Аяна және Диана Тайбекова "Түркия дауысы" (O Ses Türkiye) жобасының екінші кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық Аяна және Диана Тайбекова "Түркия дауысы" (O Ses Türkiye) жобасының екінші кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздар Daft Punk және Фаррелл Уильямс Get Lucky әндерін жоба қатысушысымен бірге орындады. Тәлімгер Мұрат Боз апалы-сіңлілердің орындаушылық шеберлігін жоғары бағалап, келесі кезеңге өткізді.
"Бұл жобаға қатысу біз үшін оңай болған жоқ. Көптеген тәжірибе жинадық, керемет эмоцияны бастан өткердік. Өйткені тәлімгерлерді қуанту қиын. Теледидардан көргенде бәрі оңай сияқты көрінеді. Бірақ артында қаншама еңбек жатыр. Сахнаға шығуға екі күн қалғанда таңдап, дайындалған әнді емес, мүлде басқа ән айтып шығудың қандай екенін ешкім білмейді", - деді Диана Тайбекова.
Бойжеткен әнге қоса, эфирге бірнеше сағат қалғанда киімдерін ауыстыруға тура келгенін де айтты.
"Жоба болатын күні өзіміз сатып алған киімдерді тәлімгерлер ұнатпайтынын білдік. Сахнаға шығуға бір-екі сағат қалғанда бізге басқа киім киетінімізді айтты. Сахнаға шыққанда айтып тұрған әнді, киген киімді ойлап тұрдық. Себебі бұл жобаны 90 миллион халқы бар Түркия, біздің өнерімізді бағалап, жанкүйер болатын қазақстандықтар көреді", - деді Диана.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!