Тайландта қазақстандық полицей қолайсыз жағдайды басынан өткерді. 33 жастағы Әсет Серғазы түннің кезінде Паттайя көшелерінің біріндегі дәріханаға барады, сол кезде оған әйелдің көйлегін киген ер адам тиісіп, әмиянын ұрлап кеткен, - деп жазады "Блокнот" жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Қазақстандық полицей 11 мамырға қараған түні тоналған. Әсеттің Тайландқа анасымен бірге барғаны белгілі болды. Түннің кезінде анасы өзін нашар сезінгендіктен, ол дәріханаға баруды жөн көрген екен. Әсеттің айтуынша, өзін тонаған адамның бойы шамамен 180 сантиметр, дегенмен үстінде әйелдің көйлегі болған.
Басылымның мәліметінше, белгісіз ер адам қазақстандық туристпен әңгімелеспек болған екен. Дегенмен полицейдің өзіне жауап қайтармағанына ер адам ашуланып, мінез көрсете бастайды. Ал оған қазақстандық полицей соққы береді. Содан кейін белгісіз ер адам скутеріне мініп, тезірек қаша жөнеледі. Әсет әмиянының жоғалғанын кейін аңғарған. Ол әмияннің ішінде 4 000 бат болғанын айтты.
Жәбірленуші жергілікті полицияға шағымданды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Әсет Серғазының түсінігін жазып алды. Қазақстандық жігіт ұры табылады деген сенімде.
Қазақстандық отбасы 14 мамырда елге қайтатын болды.