25 сәуір 2017 15:49

Қазақстандыққа мысты алтын деп сатып, 115 мың долларын алып кеткен ресейлік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Барнауыл тұрғыны Қазақстан азаматынан 115 мың доллар жымқырды деген айыппен сотталып жатыр, - деп жазады "Алтайская правда" басылымы.


Барнауыл тұрғыны Қазақстан азаматынан 115 мың доллар жымқырды деген айыппен сотталып жатыр, - деп жазады "Алтайская правда" басылымы.

Прокурордың аға көмекшісі Евгений Плехановтың айтуынша, айыпталып отырған ер адам осыған дейін сотты болмаған және оның тұрақты табыс көзі болмаған.

"Ол 2016 жылдың қаңтар айында қазақстандыққа салмағы шамамен 4,5 келі болатын алтын сатамын деген сылтаумен оны алдап кеткен. Сарапшының қорытындысына қарағанда, ол мыс пен мырыштың, қорғасын мен алюминийдің негізінде жасалған металл қорытпасы болып шыққан. Осылайша ол "сатып алушыдан" 115 мың доллар алып кеткен", - деді прокуратура өкілдері.

Ақшаны ала салған бойда ол телефонын сөндіріп, Барнауылдан кетіп қалады. Содан ол екі жылдай жасырынып келген. Полиция қызметкерлері ер адамды 2017 жылдың сәуірінде Новосібірде пойызда ұстаған. 

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети