Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы, қытайлық белгілі кәсіпкер Джек Маға қазақтың ұлттық шапаны сыйланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы, қытайлық белгілі кәсіпкер Джек Маға қазақтың ұлттық шапаны сыйланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қытайлық бизнесмен Астанада интернет-коммерция, e-commerce, инфокоммуникациялық қызметтер мен сервистер салаларының, "Қазақтелеком" АҚ өкілдерімен, еліміздегі электрондық коммерцияны дамытуды зерттеумен айналысатын студенттермен кездесу өткізді.
Джек Ма Қазақстанда жақсы мүмкіндіктер бар болғанымен, электрондық коммерция нарығының баяу дамып жатқанын айтты. Қытайлық кәсіпкердің айтуынша, еліміз Азиядағы электрондық сауданың орталығы бола алады.
"Елдің болашағы зор. Cіздерде тау-кен қазу өнеркәсібі, мұнай мен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, дегенмен қызмет көрсету саласы жоқ. Оның ішінде қызмет индустриясы. Осыдан 20 жыл бұрын, Интернет болмаған кезде өңдеуші салаларда өнеркәсіп үшін конвейер, жақсы машиналар, көп ақша керек болды. Қазір, Интернет бар кезде мұның барлығын істеу оңай. (...) Қазақстан Азиядағы электрондық коммерция орталығы бола алады", - деді Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы.
"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев шараның соңында Джек Маға қазақтың ұлттық шапанын сыйлады. Сонымен қатар, ол қазақ халқы құрметті қонаққа осындай қошемет көрсететінін айтты. Джек Ма өз кезегінде кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Джек Ма - Forbes журналында суреті жарияланған қытайлық алғашқы кәсіпкер. Кәсіпкер жақында ғана Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды. Оның байлығы 4,3 миллиард долларға өсіп, 33,3 миллиард долларды құрады.