ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2021 | 09:12
Қазан мектебіндегі атыс: жантүршігерлік кадрлар жарияланды
РЕН ТВ телеарнасы 19 жастағы Ильназ Галявиевтің Қазандағы мектепке шабуыл жасаған сәтінен аудиожазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
РЕН ТВ телеарнасы 19 жастағы Ильназ Галявиевтің Қазандағы мектепке шабуыл жасаған сәтінен аудиожазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудиожазбаны сыныптардың бірінде жасырынған оқушы жазып алған.
"Сыныптың есігін жауып, үстелдің астында тығылып отырмыз", - дейді қыз, арғы жағында атыс пен жарылыс дыбысы естіліп тұр.
Сондай-ақ, Желіде атыс шыққан кезде сыныптың ішінде түсірілген видео пайда болды.
Кадрлардан оқушылардың парта астына қалай жасырынып жүргенін көруге болады. Видеоны гимназия оқушыларының бірі түсірген. Ашық тұрған терезелерден сирена дыбысы естіледі. Балалар үстел астында тығылып отыр.
Сонымен қатар, сыртта орналасқан бейнекамералар Галявиевтің мектепке қалай кіргенін түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның ғимаратқа қаруын жасырмай кіргені көрінеді. Қосалқы оқ-дәрі салынған сөмкесі болған.
Видеодан қарулы Галявиевті ешкім тоқтатуға тырыспағанын көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, мектепте күзет болмаған болуы да мүмкін. Мекеменің қауіпсіздік жүйесі туралы нақты деректерді тергеушілер әлі анықтап жатыр.
Айта кетейік, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарып, балалар зардап шекені хабарланған болатын.
Бұған дейін URD_news Telegram-арнасы ықтимал күдікті Ильназ Галявиевтің суретін жариялаған еді. Telegram-арнасының болжамы бойынша, күдікті парақшасында қоқан-лоқы сипатындағы жазба жариялаған.
"Бәрін жек көретінмін". Қазанда мектепке шабуыл жасаған күдіктіден жауап алынды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также