11 мамыр 2021 15:55

Қазанда мектепке шабуыл жасаған кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазан мектебіне шабуыл жасағандар туралы нақты мәлімет жоқ. БАҚ-тың алдын ала мәліметі бойынша, атыс шығарған екі жасөспірім. Татарстан билігі атқыш жалғыз болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазан мектебіне шабуыл жасағандар туралы нақты мәлімет жоқ. БАҚ-тың алдын ала мәліметі бойынша, атыс шығарған екі жасөспірім. Татарстан билігі атқыш жалғыз болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республика президенті Рустам Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шығарған 19 жастағы жасөспірім. Оған ресми түрде қару тіркелген.

URD_news Telegram-арнасы ықтимал күдікті Ильназ Галявиевтің суретін жариялады. Telegram-арнасының болжамы бойынша, күдікті парақшасында қоқаң-лоққы сипатындағы жазба жариялаған.

РИА Новости ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, екі жасөспірім атыс шығарып, олардың біреуі ұсталғанын жазды. Екі шабуылшы туралы ақпаратты әртүрлі Telegram-арнасы да жариялаған. Алайда қылмыскердің серіктесі болды ма, жоқ па әлі анықталған жоқ. Ресми билік өкілдері тек бір шабуылдаушы туралы айтқан.

Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің баспасөз қызметі Қазандағы гимназияда атыс шығарған қарулы қылмыскер туралы хабарлады.

"Бүгін сағат 9.30-да Қазанда қарулы қылмыскер Джаудата Файзи көшесінде орналасқан №175 гимназияда атыс шығарды... Шабуылдаушыны құқық қорғау органдары қызметкерлері ұстады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Еду в Татарстан" Telegram-арнасы Қазандағы атқыштың ықтимал серіктесі ұсталғаны туралы хабарлаған. Ол - 41 жастағы ер адам. Алайда Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың айтуынша, Қазандағы мектепте оқ атқан адамның көмекшісі әлі анықталмаған, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, бірқатар Telegram-арнасы күдікті тұратын үйде жарылыс болғанын хабарлаған. РИА Новости мәліметіне сүйенсек, үй тұрғындары эвакуацияланған, бірақ жарылыс болған жоқ.

"Жарылыс болған жоқ. Туганлык көшесіндегі 10-үй тұрғындары эвакуацияланды. Өйткені атқыштардың бірі сонда болуы мүмкін. Бірақ әзірге ештеңе расталмады. 112 нөмірі бойынша күдікті адам үйге жүгіріп кірді деген хабар келді. Сондықтан адамдар эвакуацияланды. Онда бір пәтердің есігі жабық. Әзірге басқа ақпарат жоқ", - деді біріңғай диспечерлік қызмет өкілдері.

Еске салайық, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды. БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

"Терезеден секіріп жатыр". Қазанда мектепке шабуыл жасалған сәттің видеосы жарияланды

Baza Telegram-арнасы куәгерлер түсірген суреттер мен видеоны жариялады. Онда балалар үшінші қабаттағы терезеден секіріп жатқанын көруге болады. Видеодан атыс дыбыстары да естіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети