11 мамыр 2021 13:58

"Терезеден секіріп жатыр". Қазанда мектепке шабуыл жасалған сәттің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасаған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасаған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Baza Telegram-арнасы куәгерлер түсірген суреттер мен видеоны жариялады. Онда балалар үшінші қабаттағы терезеден секіріп жатқанын көруге болады. Видеодан атыс дыбыстары да естіледі.

Назар аударыңыз! Жүйке-жүйесі нашар адамдарға көруге болмайды!

Әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімет бойынша, зардап шеккен балалар саны 12-ге жеткен. Олардың төртеуі реанимацияда, барлығы атыс салдарынан жарақат алған.

Басқа видео кадрларынан мектепке екі адам шабуыл жасағанын көруге болады. Олардың бірі оқу орнынан шыққан кезде ұсталған.

Бұған дейін Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарып, балалар зардап шекені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети