01 қыркүйек 2021 | 09:15

Қазанда атыс шығарған жігітке амбулаторлық ем тағайындалуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Мамырда Қазан қаласындағы №175 гимназияда атыс шығарған Ильназ Галявиевке амбулаторлық ем тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі заңгер Максим Калинов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мамырда Қазан қаласындағы №175 гимназияда атыс шығарған Ильназ Галявиевке амбулаторлық ем тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі заңгер Максим Калинов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Шілдеде Галявиев ел астанасындағы 2-тергеу изоляторының психиатриялық ауруханасына ауыстырылғаны хабарланды.

"Қазіргі уақытта ол медициналық мәжбүрлеу шараларына бағытталады. Стационарлық ем орнына амбулаторлық ем қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды", - деді Максим Калинов.

Бұған дейін сараптама нәтижесі бойынша Ильназ Галявиевтің ақыл-есі кем деп танылған болатын.

Айта кетейік, 11 мамырда Ресейдегі мектептірдің бірінде атыс шықты. Тергеу мәліметі бойынша, 19 жастағы Ильназ Галявиев № 175 гимназияда жарылыс жасап, оқушылар мен мұғалідерге оқ атқан. Нәтижесінде тоғыз адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім - 25 жастағы ағылшын тілі мұғалімі Эльвира Игнатьева және 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Венера Айзатова қайтыс болды. Тағы 24 адам зардап шекті.

Жасөспірім ұсталып, тергеу изоляторына жіберілді. Жауап алу кезінде ол "бәрін жек көретінін" айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети