Қазан қаласында мас жүргізуші полициядан қашып, әуежай терминалының аумағына кіріп кеткен, - деп жазады Inkazan. Желіде оқиғаның виедосы пайда болды.
Қазан қаласында мас жүргізуші полициядан қашып, әуежай терминалының аумағына кіріп кеткен, - деп жазады Inkazan. Желіде оқиғаның виедосы пайда болды.
Құқық қорғау қызметкерлері ВАЗ-2115 көлігін Қазан қаласының орталығында тоқтатпақ болған екен. Жүргізуші заңды талапқа бағынбай, полициядан қатты жалдамдықпен қашқан. Полиция көлік соңына түскен, ВАЗ қала аумағынан шығып, әуежайға жеткен. Жүргізуші шлагбауымнан өтіп, талон алған. Сосын көлік тұрағына барып, басқа автокөліктер арасына өз көлігін жасырмақ болған. Жүргізуші өзін байқап қойғанын көргеннен кейін, қайтадан қашуға тырысқан.
Басылымның пайымынша, полиция көліктің алдын бөгеген, сол кезде жүргізуші әуежай терминалы арқылы өтпек болып, терминал ішіне әйнек терезелерді шағып кірген. Ол әуежайдың залы арқылы жүріп өтіп, басқа жағынан шыққан. Автотұрақта ол бөгетке соғылып, қолға түскен. Басылымның мәліметінше, полиция қызметкерлері жүргізуші теракт жасамақ ниетте болды деп ойлаған. Көлікті тексеру үшін жарылғыш техника мамандары мен қызметтік иті бар сарапшы шақыртылған. Күдік расталмады. Жүргізушінің мас екендігін анықтайтын медициналық куәліктен бас тартқаны да хабарланды. Қазір ол Қазан әуежайының полиция бөлімшесінде қамауда отыр.
Басылымның хабарлауынша, төтенше жағдайдан кейін халықаралық "Қазан" әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші залды айналып жүріп, детекторлар мен өзге де тексеріс техникасын қиратқан. Ол кофеханалрдың әйнектерін де сындырып өтпек болған. Қазір жүргізушіден сұрау алынып жатыр.
НТВ арнасының мәліметінше, 40 жастағы жүргізушінің келтірген залалы алты миллион рубльді құрап отыр.