Қазандағы № 175 мектепте атыс шығарған 19 жастағы Ильназ Галявиев кінәсін мойындап, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен келісті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қазандағы № 175 мектепте атыс шығарған 19 жастағы Ильназ Галявиев кінәсін мойындап, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен келісті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар, Галявиевтің кінәсін оның қоғамдық Telegram-арнасы да көрсетеді. Гимназияда атыс шығарған ол өзінің жоспары туралы оқиға болардан 20 минут бұрын хабарлаған екен.
"Өзі мойындауынан басқа, айыпталған қылмыстарды жасауға қатысы куәгерлердің айғақтарымен расталады", - деді тергеу өкілі.
Сот екі айға мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. РИА Новости мәліметінше, қылмыскер мұндай шешімге қарсы емес екенін айтқан.
Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болған еді. Оны өзін "құдай" деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде, жеті оқушы мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталды.
Мұғалімі мен көршісі "қазандық атқыш" қандай адам болғанын айтты
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!