Қазандық атқышқа төрт бап бойынша түпкілікті айып тағылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазандық атқышқа төрт бап бойынша түпкілікті айып тағылды Фото ©РИА Новости

Ресейдің Тергеу комитеті Қазан гимназиясында атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевке РФ Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айып тақты. Бұл туралы РФ СК ресми өкілі Светлана Петренко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Тергеу комитеті Қазан гимназиясында атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевке РФ Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айып тақты. Бұл туралы РФ СК ресми өкілі Светлана Петренко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелердің негізінде оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі 105-бабы 2-бөлігінде, 223.1-бабы 1-бөлігінде, 222.1-бабы 1-бөлігінде, 167-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағады деп түпкілікті айып тағылды", - деді ол.

Галявиевке екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өлтірді, кісі өлтіруге оқталады, жарылғыш зат жасады, мүлікті қасақана бүлдірді деген айыптар тағылды.

"Қылмыстық іс материалдарында, қайғылы оқиға Галявиевтің деструктивті субмәдениеттің бейресми өкілдерінің әрекеттеріне еліктеуінен туындаған. Ол олар туралы ақпаратты интернеттен алып, шабуыл кезінде солардың мінез-құлқын қайталаған", - деп толықтырды Петренко.

Кәмелетке толмағандарды қосқанда барлығы 600-ден аса адам жәбірленуші деп танылды.

Петренко сонымен қатар кешенді психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес Галявиевтің есі дұрыс екені анықталғанын, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты. Оның айтуынша, ол кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети