Келесі пандемия бұдан да қауіпті болуы мүмкін - вакцина жасаған ғалым

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі пандемия бұдан да қауіпті болуы мүмкін - вакцина жасаған ғалым Сурет ©REUTERS

Короновирусқа қарсы Oxford-AstraZeneca вакцинасын жасаған ғалымдардың бірі келесі пандемия COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Короновирусқа қарсы Oxford-AstraZeneca вакцинасын жасаған ғалымдардың бірі келесі пандемия COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап. 

AstraZeneca-мен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинаны жасаушы, Оксфорд университетінің профессоры Сара Гилберт келесі пандемия жұқпалы болуы мүмкін екенін және бұдан да көп адамның өмірін қиюы мүмкін екенін ескертті. 

"Бұл вирус өмірімізге қауіп төндіретін бірінші жағдай емес. Шындығында, келесі вирус одан да қауіпті болуы мүмкін. Ол одан да жұқпалы немесе өлімге әкелуі мүмкін", - деді ол.

Ғалым пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін көбірек қаржыландыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ, вакциналардың "омикрон" жаңа штамына тиімділігі төмен болуы мүмкін екенін, бұл туралы толық белгілі болғанша, азаматтар абай болу керек екенін ескертті.

"Бұл түрдің ақуызында вирустың берілуін арттыратын белгілі мутациялар бар. Көп нәрсені білмейінше, сақтық танытып, осы жаңа нұсқаның таралуын бәсеңдету үшін шаралар қолдануымыз керек", - деп қорытындылады ғалым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети