Кемероводағы қайғылы оқиға: Өрт сөндірушінің түрмеде жазған хаты жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости / Александр Патрин © РИА Новости / Александр Патрин

Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өртті сөндіру кезінде селсоқтық танытты деп айыпталған өрт сөндіру қызметінің басшысы Сергей Генин түрмеде жатып хат жазып, қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын жеткізді. Хаттың үзіндісін ТЖМ Сібір өңірлік орталығының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлады РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өртті сөндіру кезінде селсоқтық танытты деп айыпталған өрт сөндіру қызметінің басшысы Сергей Генин түрмеде жатып хат жазып, қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын жеткізді. Хаттың үзіндісін ТЖМ Сібір өңірлік орталығының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлады РИА Новости.

"Сіздерге деген алғысымды қалай жеткізерімді білмеймін... Өмірде еш нәрсе тұрақты болмайды екен, мен осындай жағдайға тап боламын деп ешқашан ойлаған емеспін, бірақ болатын іс болды", - деп жазды Генин. 

Өрт сөндірушінің айтуынша, тергеу изоляторындағылар және мекеменің басшылығы оған көршісіндей жақсы қараған. "Камераға кірген сәтте есеңгіреп, үмітім үзілді, бірақ олар маған моральдық тұрғыда қолдау көрсетті... Қазір жағдайым тұрақталып қалған сияқты, әкімшіліктің қарым-қатынасы жақсы, дұрыс", - деп жазды Генин.

Оның жазуынша, қамалғаннан кейін ол көп нәрсені ой елегінен өткізген, бастапқыда тергеу изоляторында қиын болған, ол ұйықтай алмапты, бірақ психологтардың жұмысының арқасында және көршілері мен әкімшіліктің қолдауымен жеңілдеп қалған.

Генин өз хатында жақын арада үйіне және жұмысына қайта оралатынынан үмітті екенін жазды. "Мені ақтайды және босатады!", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурызда өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Генин селсоқтық танытты деп айыпталған. Тергеудің нұсқасы бойынша, ол өрт кезінде адамдарды құтқару үшін қол астындағы қызметкерлерін адамдарға дейін жететін қысқа жолды таңдамай, ұзақ жолмен жіберіп, уақыт кетіріп алған. Кейін ТЖМ басшысы Владимир Пучков пен қоғам белсенділері өрт сөндірушінің жағына шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro