31 наурыз 2018 15:34

Кемероводағы қайғылы оқиға: Өрттің алғашқы минуттарында түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлеуметтік желілерден © Әлеуметтік желілерден

Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өртте отбасынан айырылған Игорь Востриков өрт басталған алғашқы минуттар түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп жазды life.ru.


Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өртте отбасынан айырылған Игорь Востриков өрт басталған алғашқы минуттар түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп жазды life.ru.

Видеодан орталықтың дәлізін көруге болады, кинозалдар сол жерде орналасқан. Көрермендерге өрттің басталғаны туралы хабарланады және олар асықпай шыға бастайды. Алайда бірнеше секунд ішінде дәліз қалың түтіннен көрінбей қалды, адамдар сол кезде ғана жүгіріп, қаша бастайды.

Игорь Востриковтың айтуынша, екі кинозалдағы адамдар шығып үлгерген. Ал, көрермендері қаза болған залдың есігі бастапқыда ашық болып, түтін шыққанда жабылып қалған, сөйтіп олар ғимараттан шыға алмады.

Еске сала кетейік, Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурызда өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети