28 наурыз 2018 | 09:22

Кемеровтегі өрттен кейін із-түссіз жоғалғандар мен қаза тапқандардың тізімі жарияланды

© РИА Новости

Кемерово қаласы әкімшілігінің өкілдері "Зимняя вишня" сауда орталығында болған төтенше жағдайдан кейін із-түссіз жоғалып кеткен және өрттен кейін қаза тапқандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кемерово қаласы әкімшілігінің өкілдері "Зимняя вишня" сауда орталығында болған төтенше жағдайдан кейін із-түссіз жоғалып кеткен және өрттен кейін қаза тапқандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімде із-түссіз жоғалған 38 адамның аты-жөні көрсетілген, олардың 26-ы - балалар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сайтта аты-жөні анықталған қаза тапқан 25 адамның аты-жөні жарияланған.

Медициналық көмекке 69 адам жүгінген.

Бірақ РИА Новости мәліметінше, генетикалық сараптамалардың қорытындысы шықпағанша мұндай тізімді жариялау мүмкін емес. Бұл туралы Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко да айтты.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. "Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

Сондай-ақ, митинг кезінде Кемеров облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұраған болатын.

Осыған дейін Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар екені хабарланған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды.

Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная