27 наурыз 2018 13:54

Кемеровтегі қайғылы жағдай: 41 бала қаза болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар , - деп хабарлайды РИА Новости өңірлік жедел қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасап.


Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар , - деп хабарлайды РИА Новости өңірлік жедел қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасап.

"Қаза болғандардың тізімінде 41 баланың аты-жөні көрсетілген", - деп жазады агенттік.

Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды.


© РИА Новости

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети