Кенияда лаңкестер қонақүйге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кенияда лаңкестер қонақүйге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты © REUTERS / Baz Ratner

Сейсенбіде Кения астанасы Найроби қаласында орналасқан Dusit қонақ үйіне шабуыл жасап, жарылыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды жергілікті Citizen телеарнасы. Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, 30-дан аса адам жарақа алды. Қонақ үйден 174 адам эвакуацияланды. 

Жарылыстан кейін лаңкестер құқық қорғау органдарымен қақтығыстар ұйымдастырған. Шабуылды радикалды исламшыл "Аш-Шабаб" тобы өз мойнына алды. 

Осыған дейін ғимаратта әлі де адамдар бары және эвакуация әлі жүргізіліп жатқаны хабарланды. Қаза тапқан адамдардың кім екендер құжаттары арқылы белгілі болды. Ұлыбритания және АҚШ-тың екі азаматы, сондай-аұ 11 кениялық азамат қайтыс болған. Екі адамның құжаты болмаған. 

Жергілікті Star газеті полициядағы дереккөзге сілтеме жасап Кения қауіпсіздік күштері барлық алты лаңкестің көзін жойғанын хабарлады. Бесеуін арнайы жасақ өкілдері атыс кезінде өлтірген, ал біреуі өзін-өзі жарып жіберген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети